Русский Сайттың толық нұсқасы

Ынтымақ және бірлік мерекесі қарсаңында аймақтарда дайындық шаралары жүріп жатыр

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2014
  • 961

Ынтымақ және бірлік мерекесі жақын қалды. Бірінші мамыр қарсаңында аймақтарда дайындық шаралары қызу жүріп жатыр. Ал Астанада 18 сәуірде Елбасының қатысуымен өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХI сессиясына аттанатын делегаттар жасақталуда.

Алматы түрлі ұлыстар мен ұлттар ең көп шоғырланған алып шаһар. Қалада 34-тен астам этно-мәдени орталық бар. Бұл қоғамдық ұйымдар бір атаның баласындай қолтықтасып, алда өтетін шараларды пысықтап жатыр. Бүгін солардың бір сыпырасы алғаш рет ашылған аймақтық орталық коммуникациялар қызметінде бас қосты. Жоспарларымен бөлісті. Халықтың бірлігі мен ел болашағына қазық болатын бейбітшілік жайында пікірлерімен бөлісті. Елордада шымылдығы түрілетін дәстүрлі жиынғы Алатау бөктеріндегі әсем шаһардан да үлкен делегация қатысады.

Қазақбай Қасымов, Қазақстандағы түрік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы:

Әрбір ұлт өкілінің көңілін, тынысын тамыршыдай дөп басып, Отанның алға жылжуына, қоғамның өркениетті елдер санатына қосылуына үлес қосып, ықпал ететін осы азаматтық институттың маңыздылығы артып отыр. Мемлекетіміздегі ең қымбат бейбітшілік пен ынтымақтастық жалауын желбірететін ордалардың бірі болып қала береді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ