Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-да қамауда отырған Азамат Тәжаяқов пен Диас Қыдырбаевтың соты шегеріліп отыр

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2014
  • 989

Бостондағы жарылысқа қатысы бар деген күдікпен Америкада қамауда отырған Азамат Тәжаяқов пен Диас Қыдырбаевтың соты нақты дәлел-айғақтардың болмауынан шегеріліп отыр. Бұл туралы біздің арнамызға айыпталушы Тәжаяқовтың әкесі Әмір Исмағұлов хабарлады. Оның айтуынша, америкалық тараптың істі сотқа жеткізгісі жоқ. 

Әмір Исмағұлов, Азамат Тажаяқовтың әкесі:

Айыптаушы тарап біздің балаларымыздың кінәларын дәлелдейтін 58 айғақ ұсынды, бірақ наурыздың 17 сот болып, айыптардың 22-сін негізсіз деп танып, алып тастады. Енді келесі сот 30 маусымда болады. Соған дейін біз қалған айыптауларды да жоққа шығаруға тырысамыз. Америкалық тарап істің сотқа жеткенін қаламайды. Қаңтарда болған соттың өзінде судья біздің позициямызды қолдайтын сыңай танытты.

Азамат Тажаяқовтың әкесінің айтуынша, қамаудағы отандастарымыздың жағдайы қалыпты. Оларды бас аяғы 6 адвокат қорғауда. Ал ата-аналары балаларының бостандыққа шығатынына сенімді. Алайда Әмір Исмағұлов істің басты фигуранты Джохар Царнаевқа қатысты сот шешімі жайында тіс жармады.

Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын Бостонда болған лаңкесік оқиғадан кейін екі қазақстандық студент тұтқындалды. Оларға күдікті Царнаевқа ықпалдасу дерегі бойынша айып тағылды. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ