Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда тепловоз бен шағын автобустың соқтығысуы салдарынан 3 адам қаза болды

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2014
  • 909

Оқыс оқиға құрбандарының саны артты. Павлодар облысында тепловоз бен шағын автобустың соқтығысуынан жарақаттанған тағы екі студент аурухана төсегінде қайтыс болды. Дәрігерлер бас сүйектері зақымданған екі жасөспірімнің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады деп отыр.

Осылайша жол апатынан ажал құшқандар 3 адамға жетті. Апат кезінде автобуста он адам отырған. Олардың біреуі оқиға орнында тілге келмей мерт болды. Сегізі түрлі дене жарақатын алып ауруханаға жатқызылған.

Еске саламыз, Ақсу қаласындағы теміржол өткелінде шағын автобус тепловозбен соқтығысты. Автобустағылар Ақсу кәсіптік техникалық лицейінің студенттері болып шықты. Олар Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік тәжірибеден өтіп қайтып келе жатқан. Болжам бойынша, жол апатына автобус жүргізушісі кінәлі екені айтылуда.

Илхам ИБРАГИМ