Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің 55% - нәзік жандар

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2014
  • 1222

Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің 55% - нәзік жандар. Бұл туралы еліміздің орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен, «Біріккен Ұлттар Ұйымы - Әйелдер» бөлімі штаб-пәтерінің өкілдерімен кездесуде айтты.

Басқосудың басты мақсаты - әйел адамдардың саясаттағы рөлін айқындап, әйелдер ісі бойынша халықаралық ұйымның ынтымақтастығын нығайту болып табылады.

Жүздесу барысында сондай-ақ, Қазақстан әйелдерінің сайлау науқанында атқаратын рөлі әңгіме болды. Өз ретінде халықаралық ұйым маманы Габриэлла Бардал қазақстандық тәжірибеге оң баға берді.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Жылдан жылға әйелдердің өкілділігі артып келе жатыр. Егер 1995-жылдары сайлауға түсетін әйелдердің саны 10% болатын болса, қазір 25-30%-ға дейін болды. Мысалы, біздің жоғарғы органдарда, Парламент Мәжілісіндегі әйелдердің өкілдігі 26%-ға, облыстық аудандық, қалалық мәслихаттағы әйелдердің өкілдігі 18-19%-ға жетті. Сондықтан да, біздің елімізде соңғы кездері әйелдердің саяси белсенділігі артып келе жатыр.

Жұрағат БАМАН