Русский Сайттың толық нұсқасы

Бостон марафонындағы терракт құрбандарын еске алуға жиналғандар эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2014
  • 1082

Бостон марафонында болған лаңкестік әрекеттің орын алуына бір жыл. Қала тұрғындары терракт құрбандарын еске алып, бір минут үнсіздік жариялады.

Бойлстон-стритке қала мэрі Мартин Уолш, бұрынғы мэр Томас Менино, жазым болғандардың туыстары мен құқық қорғаушылар да жиналды. Алайда, көп ұзамай адамдарды эвакуациялауға тура келді. Өйткені қалың жұрттың арасынан тағы да екі сезікті дорба табылды.

Куәгерлерлдің айтуларынша, олар жалаң аяқ, бет пердесі бар адамды көрген. Оны дереу құрықтады. Алайда асынған сөмкесінен күріш пісіретін ыдыс табылыпты.

Еске салсақ, өткен жылы Бостон марафонында қатарынан екі жарылыс орын алған. Салдарынан 3 адам мерт болып, 260-тан астамы түрлі дене жарақаттарын алды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА