Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәуелсіздігін жариялаған жағдайда Каталония ЕО-қа қабылданбайды

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2014
  • 822

Каталония Испаниядан бөлінсе, Еуроодақпен қош айтысады. Еурокомиссия осындай пікірді ұстанып отыр.

Ұйымның ресми өкілі Алехандро де Асанс и Муньостың айтуынша, Одаққа мүше мемлекеттен бөлінген елге ЕО заңдары жүрмейді. Яғни жаңа тәуелсіз мемлекет «үшінші елге» айналады. Енді каталондықтар екінің бірін таңдауға мәжбүр. Еуроодаққа мүшелікті немесе тәуелсіз ел болуды.

Жуырда Испания парламентінің депутаттары референдум өткізу мәселесін күн тәртібінен алып тастады. Бірақ осыған қарамастан, Каталония аймағының президенті Артур Мас дауыс берудің өтетінін айтады. Итальяндық Венеция мен британдық Шотландияның да бөліну мәселесін көтеріп жатқаны белгілі.