Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада зейнеткерді қағып кеткен прокурор көмекшісінің ісіне қатысты сот отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2014
  • 1101

Астана аудандық прокуратурасының экс-көмекшісі Мақсат Шыңғысов сотқа тартылды. Оған үш бап бойынша айып тағылып отыр.

Еске салайық, қаңтардың екісінен үшіне қараған түнде Шыңғысов 70 жастағы зейнеткерді көлікпен қағып өтіп, жәрдемдеспей, оқиға орнынан тайып отырған. Ал ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен зейнеткер, көп ұзамай көз жұмды. Алайда 24 жастағы жүргізуші өзінің кінәсін ішінара ғана мойындап отыр.

Мақсат Шыңғысов
, сотталушы:

Я это совершил не специально. Ехал с работы. Честное слово, не специально это сделал. Кеш
іріңіз, простите меня пожалуйста.

Алғашқы сот отырысында зардап шеккен тарап пен айыпталушының жақындары болды. Адвокаттардың өтінішімен залда бейнетүсірілім тоқтатылды.

Белгілі болғандай, марқұмның бірінші некесінен туған баласы «Шыңғысовқа ешқандай шағымым жоқ» деп, бейбіт келісімге қол қойған. Бірақ заң бойынша жауап беріп, 12 млн теңге мөлшерінде моральдік және материалдық шығынды өтесін, дейді. Алайда басқа туыстары алған беттерінен қайтпай отыр. Келесі отырыс 24 сәуірге белгіленді. Егер де сотталушының кінәсі дәлелденсе, Шыңғысов 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бақыт Күзембекова:

Маған судьяның ұстанымы ұнамады. Ол бізге ашық қысым көрсетіп отыр.
«Неге келісіп, бейбіт мәмілеге келмейсіңдер» дейді. Түсінемін, өмірде әр түрлі оқиғалар болуы мүмкін. Алайда адамды қағып өтіп, қаңсыратып 30-40 градус аязда далада тастап кету - еш ақылға сыймайды. Егер де ол дер кезінде көмек көрсетсе, кешіруге болар еді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ