Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жол апатынан қайтыс болған студенттердің отбасыларына қаржылай көмек берілмек

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2014
  • 927

Павлодар облысында шағын автобус пен тепловоздың соқтығысуы салдарынан жапа шеккен отбасыларға көмек көрсетілмек. Бұл туралы жергілікті әкімдіктен хабарланды.

Өңірдегі кәсіпкерлердің бірі, қайтыс болған әр студенттің отбасына бір млн теңге, ал ауруханада жатқандарына 500 мың теңгеден үлестіретінін айтқан. Сондай-ақ, мектеп, лицей және колледж ұжымдары да қаржы жинап жатыр.

Айта өтейік, осыдан екі күн бұрын Павлодар облысының Ақсу қаласында студенттер мінген шағын автобус тепловозбен қақтығысып қалды. Студенттер жергілікті ферроқортпа зауытынан тәжірибеден шығып келе жатқан. Жол апатынан автобус жолаушыларының бірі оқиға орнында қаза тапты, кейін ауруханаға ауыр жарақаттармен түскен үш студент көз жұмды. Марқұмдарды жерлеу рәсімі бүгін өтеді.

Шығындарды Ақсу ферроқорытпа зауыты өз мойнына алды. Ал ауруханада жатқан өзге студенттер мен автобус жүргізушісін республикалық клиникаларға жеткізу жағы қарастырылып жатыр.

Илхам ИБРАГИМ