Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай экономикасының дамуы бәсеңсіп барады

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2014
  • 1330

Қытай экономикасының өсімі 2014 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштер бойынша бәсеңдеген.

Алайда ол, экономистердің болжамдарынан әлдеқайда жоғары. Өсім 7,4%. Ішкі жалпы өнім қаңтар-наурыз аралығында жылдың төртінші тоқсанына қарағанда, 1,4% артқан. ҚХР экономикасының тежелуі ел билігінің несие көлемін қысқартуымен байланысты болып отыр. Енді елде жоспарлы 7,5%-дық өсімге жете алмау қаупі туындап отыр. Созылмалы тоқырау Қытай билігінің өсімге ден қойып, көлеңкелі банк қызметіне еркіндік беруі мүмкін, дейді сарапшылар.

Алайда ҚХР статбасқармасының баспасөз хатшысы І тоқсандағы халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысының жоғарылағанын айтады. Қала аудандарында жұмыс орындары 3,44 миллионға артқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 40 мыңға көп.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ