Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шараға
қатысып, барша қазақстандықтарды Қазақстан Қарулы күштерінің құрылған күнімен
құттықтады. Әскер қатарындағы әрбір азаматқа алғыс айтып, қиын да жауапты
қызметтерінде табыс, отбасыларына береке тіледі. Президент биыл елімізде
әскерилер үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске асырылатынын, келер жылдан
бастап олардың табысы жоғарылайтынын жеткізді.
Елбасы ілтипатынан ардагерлер де
құр қалмады. Бүгінгі бейбіт өмір кешегі ерен ерліктің жемісі, ешкім ешқашан
ұмыт болмайды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сардарлар
мен сарбаздар, біздің ең басты қорғанысымыз - бейбітшілік пен келісім. Баршаңызды
бейбітшілікті бағалауға, татулық пен тұрақтылықты сақтап, дамытуға үндеймін.
Ұлы даламыздың шебі бүтін, шекарасы берік болып, тыныштыққа бөлене берсін.
Байрағымыз биікте желбіреп, даңқымыз арта берсін. Мереке құтты болсын!
Азамат АЛДОҢҒАРОВ