Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда суши-бардағы жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2014
  • 1075

Қостанайда жапон асханасы мейрамханасында уланған адамдардың саны 16-ға жетті.

Еске салайық, шаһардағы суши тағамдарын даярлайтын мейрамханада бір мезетте дәм татқан 13 тұрғынның денсаулығы күрт нашарлап, қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Уланғандардың қатарына кеше тағы 3 адам қосылды. Жаппай ауруханаға түскен жандарға дәрігерлер «ішек инфекциясы» деген диагноз қойыпты. «Жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген науқастардың қазір халі жақсы. 8 адам медициналық көмектен соң үйіне қайтарылды», - дейді дәрігерлер.

Ал, полиция аталған дерекке орай қылмыстық іс қозғады. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін дәмхана қожайындары жазаға тартылауы мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, құзырлы органдар шағын және орта бизнес қызметін тексеруге жарияланған мораторийге орай, қостанайлық мейрамханада анықтау жұмыстарын жүргізу үшін прокуратураның арнайы рұқсатын күтті.

Заңғар САНАЙ