Лос-Анджелес маңында өрт сөндіруге
бара жатқан қос көлік жол бөлісе алмай, біреуі жол жиегіне шығып кетіп,
мейрамханалардың біріне барып соғылған.
Оқиға Монтерей-Парк қаласында орын алған. Салдарынан 14
адам жарақат алды. Әзірге 9 адамның ауруханаға түсіп, бір адамның ауыр халде
жатқаны хабарланды. Жапа шеккендер арасында 5 өрт сөндірушімен қатар мейрамхана
меймандары мен оқиға орнында болған жаяу жүргіншілер де бар.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ