Нью-Йорктың бұрыңғы мэрі Майкл
Блумберг қару-жарақ қауіпсіздігінің қадағалануына биыл 50 миллион доллар
жұмсамақ. Жаңа белсенді топтың ұраны - «Әр
қалаға - қауіпсіз қару».
Саясаткер жақтастарымен бірге өз
қадағалауына 15 штатты алады. Оның ішінде жақында қару-жараққа қатысты заңға
өзгеріс еңгізген аймақтар мен заңы «жұмсақ» Техас, Монтана, Индиана сынды
штаттар бар.
Блумбергтің сөзінше, ол ең алдымен
аналар мен қыз-келіншектерге ден қояды. Халық
бірінші кезекте мылтықтың ойыншық еместігін түсініп, қару ұстау тәртібін өздері
қадағалаулары керек дейді. Америкада көпшілік арасында оқ ату фактілерін жиі
болатын оқиға екенін ескерсек, бұл - қажет бастама.
Ең атышулы қайғылы оқиға Сэнди Хук
қаласында болған, Адам Лэнца есімді азамат 26 адамды атып өлтірген-ді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ