Русский Сайттың толық нұсқасы

Үкімет «жасыл» экономикаға көшуге бағытталған заңнамаға өзгертулерді ұсынды

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2014
  • 851

«Жасыл экономикаға» көшу мақсатында қолданыстағы заңға жиырма шақты өзгеріс енігізілмек. Ол қоршаған ортаны ластауды шектеу, қалдықтарды ұқсату, табиғи ресурстарды тиімді пайлануды қамтиды.

Тақырыпқа орай, өткен дөңгелек үстелде Су ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров 2030 жылға қарай елдегі экологиялық ахуал түбегейлі өзгереді деп мәлімдеді.

«Біріншіден, өндіріс қалдықтары мен парниктік газдарға қатысты нарықтық механизимдерді өзгерту қолға алынбақ. Ал, қатты қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорындар ашу үшін, инвестициялар тартылмақ. Сондай-ақ, құзырлы министрлік су шаруашылығын қадағалайтын ұлттық компания құруды ұсынып отыр. Ол өзендер арасындағы су айналымынан бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықты реттеу құзырына ие болады. Бұл бастама үлкен өзгерістерге алып келеді», - деп болжап отыр министр.

Нұрлан Қаппаров, ҚР Су ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрі:

Жиырма жылдан кейін еліміздегі инфрақұрылым айтарлықтай өзгереді. Ғимараттардың 55%, электростанциялардың 40% 2030 жылға қарай толық жаңадан салынады. Сондай-ақ, автокөлік паркі де 80%-ға жаңғырады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ