Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақордада саяси мемлекеттік қызметшілер ант берді

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2014
  • 984

Бүгін Ақордада саяси мемлекеттік қызметшілер ант берді. Олардың қатарында екі облыс әкімі мен төрт министр бар. 

ҚР халқы мен Президенті алдында өз отанымды өркендету ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін! 

Бүгін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов үшін атаулы күн. Салтанатты рәсім министрдің туған күнімен тұспа тұс келіп отыр. Былтыр қыркүйекте лауазымды қызметтің тізгінін ұстаған Сәрінжіпов бүгін қырықтың қырқасына шықты.

Қырыққа келдің бүгін, нағыз жұмыс істейтін кезің. Құтты болсын!

Бұдан бөлек Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Бектас Бекназаров, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршиндер халық алдында адал қызмет атқаруға ант берді. Ал Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев өзгелер секілді ежіктемей, ант мәтінін жаттап келіпті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Айталғын анттың әр сөзінің үлкен жауапкершілігі бар. Бекерге жүргізіліп отырған рәсім емес. Еліміз кең байтақ үлкен. Соның ішіндегі сайдың тасындай таңдап алған сіздерсіздер. Сіздердің орындарыңызда басқа адам болуы мүмкін. Осы қызметке келгеннен кейін абыроймен орындау керек. Жұмысқа келгенің бар, жұмысты орындауың бар, жұмысты немен аяқтайтының бар. Жаңадан келдіңіздер көпшілігіңіз. Кейбіріңіз бұрыннан істеп жүрсіздер. Абыройлы болып, табысты болып, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Құттықтаймын!

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ