Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық сарбаздарды дизентерия сұлатты

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2014
  • 1302

Сарбаздарды дизентерия сұлатты. Қызылордалық дәрігерлер жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатқан сарбаздардың бірінші легіне бүгін осындай диагноз қойды.

Еске салайық, 13 сәуірде Ішкі әскердің 55/47 бөлімінде дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пен іш ауруына шағымданған 35 жауынгер мен 1 офицер ауруханаға жеткізілді. Барлық сынамалар сол күні-ақ алынған. Медициналық анализдер нәтижесі бүгін дайын болды. Жалпы қазір ауруханада 52 сарбаз ем қабылдап жатыр. 

Қарақөз Балабекова, Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

Жиырма жетісінің зертханалық сынамалары дайын болып, сол сынама қорытындысымен науқастарға дизентерия диагнозы қойылып жатыр. Жиырма бес сынама кейінірек түскен науқастардың сынамалары ертең 18 сәуірде дайын болады.

Ал бүгін журналистер тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мамандарының да лабораториялық зерттеулерінің нәтижесін күтті. Дегенмен эпидемиологтардың қорытындысы кешігіп жатыр.

Шарипа САҚТАПОВА