Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «Қыз Жібек» көшесінің бойындағы тұтынушылар судан ажыратылды

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2014
  • 1265

Алматыда ауыз су желісіне өздігінен қосылып алатын тұрғындарға тосқауыл болу мүмкін болмай отыр. "Мұндай әрекетке әсіресе қалтасы қалың, дәулетті отбасылар барады", - дейді су шаруашылығының мамандары. Бүгін Алматыда «Алматы су» холдингінің қызметкерлері «өзім білермендікке» салған бірнеше үйді сусыз қалдырды. Ауқаттылар жағалай қоныстанған «Қыз Жібек» көшесінің бойындағы тұтынушыларды ескертусіз судан ажыратып тастады.

Олар ауыз су үшін төлем жасамағандар немесе су құбырларына «заңсыз» қосылып алғандар деп түсіндіреді мекеме өкілдері. Олардың айтуынша, алдағы уақытта суға қайтадан қосылу үшін үй қожайындары арыз жазуы тиіс. Немесе қарыздарын өтеуге міндетті. Алматы қаласы бойынша жыл басынан бері осындай 2 мың жеке тұрғын үй анықталған. Олардың 500-ден астамы бүгін «тіршілік нәрінен» уақытша қағылған.

Серік Шағыров, «Алматы су холдингі» МКК бас маманы:

Суға заңсыз қосылған, бірден бірнеше ыңғайсыз жағдайды туындатады. Біз техника арқылы суды өшіреміз. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ