Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемен қаласында қазақ даласын мекендейтін әр ұлттың тыныс-тіршілігін бейнелейтін этноауыл бар

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2014
  • 2561

Өскемен қаласында қазақ даласын мекендейтін әр ұлттың тыныс-тіршілігі мен болмыс-бітімін бейнелейтін этноауыл бар. Тұсауын Елбасының өзі кескен ерекше ауыл бүгінде барлық ұлтты ұйытатын киелі мекенге айналды. Жеті гектардан артық жерді алып жатқан ашық аспан астындағы мұражай туралы Қанат Оралбек баяндасын.

Әр ұлт пен ұлыстың ортақ үйіне айналған бұл этноауыл Қазақстанда жалғыз. Түрлі халықтың салт-дәстүрі мен мәдениетін тоғыстырған бұл ауыл күн санап қанатын кеңге жайып келеді. Мына көшенің бойында қазақ, орыс, татар, неміс, кәріс сынды өзге де ұлттардың баспаналары түгелдей дерлік салынған.

105-тен астам ұлттың өкілі мекендейтін Шығыс Қазақстан облысы - татулықтың тал бесігі. Этноауыл осы бірліктің символы іспеттес. 16 ұлттық үйден тұратын этноауылда 38 түрлі нысан бой көтерген. Бұл нысандар халықтың серуендеп, қыдыратын сүйікті бірден-бір орнына айналған.

Константин Шибатаров:

Біз мұнда отбасымызбен келеміз. Серуендеп, демалып қаламыз. Бұл этноауыл тарихтың жаршысы деуге болады. Балаларымызды ата-бабамыздың салт-дәстүріне үйретеміз.

Надежда Яковлева:

Қарап тұрсаңыз, тарихта бір бірімен жауласқан, соғысқан халықтардың ауылдары мұнда қаз-қатар салынған. Бұл дегеніміз бүгінгі татулықтың белгісі. Отбасымызбен келгенді қатты ұнатамыз.

2010  жылы ашылған этноауылда биыл грузин халқының ежелгі тұрмысынан сыр шертер мәдени орын да ашылмақ. Сондай-ақ бір шетінен ескі Өскеменнің ықшамдалған көшірмесі бой көтереді.

Қанат ОРАЛБЕК