Русский Сайттың толық нұсқасы

Мамырда қалай демаламыз?

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2014
  • 1023

Қазақстандықтар мамыр мерекелеріне орай 7 күн демалатын болды. Бүгін Үкімет басшысы «Демалыс күндерін ауыстыру туралы» Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Ел тұрғындарына қолайлы жағдай жасап, жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін 1-ші, 2-ші, 3-ші мамыр күндері демалыс болып жарияланды. Ал, күнтізбедегі жексенбі 4-ші мамыр - жұмыс күні болып белгіленді. Сондай-ақ, 8-ші мамыр жұмыс күні, 11-не ауыстырылды.

Айта кетелік, мамыр айында қазақстандықтар бірден үш мерекені атап өтеді. Бұл атаулы күндер - 1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7-мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9-мамыр - Жеңіс күні.

Еркін ҚАРИН