Мамырдағы демалысты күтіп жүргендер
үшін тағы бір ақпарат. Мамыр айы Қазақстанның
барлық аймақтарына бірдей көктемгі ауа райын алып келмек. Бұл айда елімізде
бірден күн жылынады деп күтілуде. Ал кей облыстарда жаңбырлы болады.
«Қазгидромет» орталығы мамандары
таратқан мәлеметке сай, республика аумағы бойынша ауа температурасы белгілен
мөлшерден 1-2 градус жоғары болады. Павлодар
және Шығыс Қазақстан облыстарында да температура бірқалыпты күйінде сақталады.
Сондай-ақ, бұл ай жауын-шашынды болады
деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан мен Қостанай
облыстарында жаңбыр әдеттегіден көбірек жауады. Ал, өзге өңірлерде жауын-шашын
жылдағы мөлшерден аз түседі. Биылғы жаз еліміздің басым аймақтарында шамадан
тыс ыстық, әрі құрғақ болады деп күтілуде.
Илхам ИБРАГИМ