Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс қазақстандық кәсіпкерлер Ресейдің Алтай аймағында сауда үйлерін ашып, қазақстандық өнім өндіруді жолға қоймақ

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2014
  • 1458

Шығыс қазақстандық кәсіпкерлер Ресейдің Алтай аймағында сауда үйлерін ашып, қазақстандық өнім өндіруді жолға қоймақ. Ал облыс аумағында Ресей және Беларусь елімен бірлескен 400-дей кәсіпорын жұмыс істейді. Сыртқы сауда айналымының үлесі жыл сайын ұлғайып, бүгінде 40%-ті шамалап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.

Тығыз қарым-қатынас, әсіресе ауылшаруашылығы саласында айқын аңғарылады. ТМД елдері арасында алғашқы болып Өскеменде құс етін тереңдетіп өңдейтін зауыт ашылды. 1 келі еттен 70 түрлі өнім жасалады. Енді осындай кәсіпорынды Алтай өңірінде де ашу көзделіп отыр.

Әкімнің айтуынша, азық-түлік өнімдері бағасына қатысты талдау және салыстыру жұмыстары да ұдайы жүргізіліп келеді.

Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Ауылшаруашылығы саласында мал, егін шаруашылығы болсын, өнімділікті көбейту үшін Ресей, Беларусьтегі тың технология мен жаңалықтарды енгізуге дайынбыз. Әсіресе, асыл тұқымды мал өсіруде бір ғана мысал, былтыр 1150 бас ірі қара сатып алдық Ресейден.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА