Русский Сайттың толық нұсқасы

Шотландияның бөлек мемлекет болғанын қалайтындар саны көбейді

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2014
  • 1568

Шотландияның Біріккен корольдік қатарынан бөлініп шығуын қолдайтындар саны 1%-ға артты. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.

Нәтижесінде тәуелсіздікті көксеген жақтастар мен қарсыластар арасындағы айырмашылық он төрттен он екіге қысқарды. Сарапшылар әлі де көптеген тұрғындар бұл шешімге күмәнмен қарап, қалыс қалып отырғанан айтады. Дауыс беру нәтижесі солардың шешіміне байланысты болмақ. Шотландықтар Британия құрамынан бөлініп шығуға қатысты референдумды он сегізінші қыркүйекке белгілеген.

Еске салайық, Испанияға қатысты Каталония да осындай талап қойып отыр. Еурокомиссия Каталония бөлінген жағдайда Еуроодақ құрамынан бірден шығатынын мәлімдеді. Ал, Шотландиядағы ахуалға қатысты Одақ әзірге ешқандай пікірін білдірген жоқ.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ