Русский Сайттың толық нұсқасы

Алжирде сайлау кезінде тәртіпсіздіктер орын алды

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2014
  • 923

Алжир өз таңдауын жасауда. Дауысты есептеу әлі басталмаса да, елдің қазіргі президентін қолдаушылар оның жеңіске жеткеніне күмән келтірмеуде.

Сайлау барысында Әбдел Әзиз Бутефликаның өзі ұзақ уақыттан бері алғаш рет көпшіліктің алдына шықты. Ол сайлау учаскесіне мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбада келіп, өзіне дауыс берді. 77 жасар мемлекет басшысы төртінші рет сайлауға қатысып жатыр.

Алайда, оппозиция жақтастары мен халықтың тең жартысы оны тағы 5 жыл ел басқаруға тым кәрі көруде. Сондықтан, тұрғындардың сайлау учаскелеріне қатысуы әрқалай болды. Елдің астанасында дауыс берушілердің саны 50%-ды құраса, ал, оппозиция ошағы Алжирдің солтүстігінде 25%.

Сонымен қоса, онда жергілікті жастармен әскери қызметкерлердің арасында тәртіпсіздік орын алған. 80 адам жарақат алды, олардың ішінде полиция қызметкерлері де бар.