Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран АҚШ оқшаулаған 450 млн долларды құрайтын активтеріне қол жеткізді

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2014
  • 879

АҚШ Ираннның бұғаттаған активтерінің тағы бір бөлігін босатты. Бұл жолы Ислам республикасы 450 миллион долларын кері қайтарды, деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мари Харф.

Осылайша, Вашингтон «Алтылықпен» уағдаласқан келісімшарытын орындап отыр. Осы аптада Иран шет елдерден 2,65 миллиард доллар көлемінде 5-ші траншын алуы керек.

Өз кезегінде Иран да қойылған талаптарды мүлтіксіз орындап келеді. Таяуда ел байытылған уран қорының жартысыннан астамын жойды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА