Русский Сайттың толық нұсқасы

Астрономдар Жерге ұқсас планета ашты

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2014
  • 1667

Астрономдар Жерге ұқсас жаңа планета ашты. Айтуларынша, бұған дейін ашылған планеталардың ешбірі Жерге соншалықты ұқсас болмаған.

«Кеплер-186 Ф» деген атау алған планета «мекен ету аймағында», яғни Жұлдыздан өмір сүруге қолайлы жағдай туындайтындай қашықтықта орналасқан. Климаты тым суық және тым ыстық емес.

Ғалымдардың пайымдауынша, планета бетінде сұйық күйде су болуы ықтимал. Бұл - тірі организмдер дамуының негізгі шарты. Бұл планета айналатын жұлдыз Жерден 500 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Көлемі жағынан біздің планетадан біршама артық.