Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодардағы ең көне трамвай жылжымалы мұражайға айналмақ

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2014
  • 1821

Әлемдегі ең көне трамвай Павлодарда. Әлі күнге жолаушы тасымалдап жүрген қоғамдық көлік 43 жыл бұрын Ресейдің Усть-Катаф вагон құрылысы зауытында жасалған. Енді бұл көне техника жылжымалы мұражайға айналмақ. Трамвай басқармасы өкілдерінің айтуынша, раритет көлік алғашқы қалпына келтіріліп, қайта жасақталады.

Айта кетейік, Павлодарда трамвай қозғалысы 1965 жылы іске қосылған. 15 бағыт бойынша тұрғындарға қызмет көрсетіліп келеді. "Бүгінде қолданыстағы 112 вагонның 95 пайызы ескірген", - дейді басқарма өкілдері. Дегенмен жарты ғасырқа жуық жұмыс істеп келе жатқан жәдігерге деген құрмет ерекше. Жүргізушілер мен қызметкерлер оны дер кезінде жөндеп, сырлап отырады. Борттық нөмірі 53-трамвайдың тарихи жәдігер екенін бірнеше белгісі көрсетіп тұр.

Айтуар Жанғазин, Павлодар қалалық трамвай басқармасының бөлім басшысы:

Бар саймандары бар. Ауыстырылған саймандар. Бәрін орын орнына келтіріп, ең бірінші шыққан қалпына келтіретін ойымызда бар.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ