Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның бірқатар аймақтарында қарға ұласатын жаңбыр жауады

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2014
  • 1171

Ауа-райы тағы да мінез көрсететін түрі бар. Сәуірдің 22-сі мен 24-і аралығында Қазақстанның бірқатар аймақтарында соңы қарға ұласатын жаңбыр жауады. Бұл жөнінде «Қазгидромет» хабар таратты. Яғни республикамыздың солтүстігінде, орталығы мен шығысында жауын-шашын болады деп күтілуде. Кей жерлерде ол қарлы жаңбырға ұласады.

Синоптиктердің хабарлауынша, тек 24-сәуірден соң күн ашылып, ауа +25ºС-қа дейін жылынады. Ал оңтүстікте кей жерлерде 27-32º градусқа дейін ысиды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА