Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысындағы су бөгетінің бұзылуына кінәлілер анықталды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2014
  • 928

Қарағанды облысы Көкпекті ауылында болған апатқа кінәлілер анықталды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-ң басшысы Мергенбай Жаппаров мәлімдеді. «Тергеу жұмыстары әлі де жалғасуда, қосымша сараптамалар тағайындалды», - деді ол. Алайда айыптың нақты кімге тағылатыны жайында тіс жармады.

Өз кезегінде еліміздің ТЖ жөніндегі министрі Владимир Божко да өз қатарларынан бөгетті кімдердің тексерістен өткізгенін анықтап жатқаны жайында айтты.

Еске салайық, наурыздың 31, түн ортасында арнасынан су асқан бөгет істен шығып, Көкпекті ауылының 300 үйін су шайды. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 12 адам ауруханаға түсті.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ