Русский Сайттың толық нұсқасы

Бостонда марафонға дайындық жұмыстары басталды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2014
  • 1105

Бостон қаласы жыл сайынғы дәстүрлі марафонға дайындалып жатыр. Ең алдымен қала тұрғындары өткен жылғы қайғылы оқиғаны еске алып, қашықтығы 42 шақырым жол бойына хош иісті нәркес гүлдерін отырғызды.

Биыл қауіпсіздік шаралары да қатаңдатылған. Мәселен, жұмылдырылатын тәртіп сақшыларының саны 3,5 мың. Қатысушыларға сөмкелерін қараусыз тастауға, өздерімен бірге шыны шөлмек алып жүрулеріне тыйым салынып отыр. Ең қызығы, марафонға қатысуға қызығушылық танытқандар саны биыл 36 мыңға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 9 мыңға көп. Іс-шара 118 рет өткізілмек және бұл жолы АҚШ Патриоттар күніне орайластырылып отыр.

Еске салайық, былтырғы Бостон марафонында болған лаңкестік оқиға салдарынан 3 адам көз жұмып, 200 адам жарақат алды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ