Премьер-министр Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын» басқарады. Үкімет басшысы ендігі жерде
Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы қордың баспасөз
қызметі хабарлады.
Құжатта «Үкімет Қаулысымен «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, кеңес
Төрағасы болып Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов
тағайындалды. Басқа қызметке ауысуына байланысты Серік Ахметов оның құрамынан
шығарылды», - делінген.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА