Әлемге әйгілі мультфильм кейіпкері -
«Өрмекші-адам» қазақша сөйледі. Қазақ тілі «Жаңа өрмекші-адам: Кернеген қуат»
фильмінің кейіпкерлері сөйлеген әлем тілдері ішіндегі жетінші тіл болып отыр.
Мемлекеттік тілді дәріптеу бойынша
атқарылып жатқан кешенді шараларды орындау шеңберінде заманауи мультимедиялық
жағдай жасау үшін «Болашақ» қауымдастығы осымен төртінші жыл қатарынан рейтінгі
жоғары көпшілік күткен танымал фильмдерді аудару бойынша жобаны жүзеге асыруда.
«Мемлекеттік тілді халықаралық деңгейге
көтеру «Қазақстан-2050» жаңа саясы даму стратегиясының басым бағыттарының бірі»,
- дейді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші
орынбасары:
Негізінен, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соңғы Қазақстан халқының
Ассамблеясында, біздің елімізде тұрақтылық, келісім, даму болу керек деп айтты,
оның негізгі жалпы бағыты - ол адамдардың құқықтарын қорғау, тіліне, ұлтына
қарамастан, ешкімді кемсітпей, бірақ дегенімен, біздің мемлекетіміз тілді дамытып,
бәріміз оған жағдай жасап, оларды болашақта керемет халықаралық стандартқа
сәйкес контентті жасау мәселесін, осы мәселені жасауға тапсырма беріп отыр.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ