Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «Темірбанкті» тонаған күдіктілер ұсталды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2014
  • 859

«Темірбанкті тонады» деген күдікке ілінген топ құрықталды. Алматы қалалық криминалды полициясының ақпарына сүйенсек, күдіктінің бірі сол қаржылық мекеменің күзет саласында жұмыс істеген.

Былтыр қазанда банктің бас кеңсесінен 37 млн теңге жоғалған болатын. Тапа-тал түсте терезеден түсіп, қомақты қаржыны қиындықсыз ұрлап кеткендерді полиция ұзақ уақыт құрықтай алмады. Осы уақытқа дейін басты күдікті Шымкентте жасырынып келсе, сыбайласы «Темірбанктің» қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген. Он жылдан бері осы қаржы ұйымында қызмет еткен күдікті де қазір қамауға алынды.

Полицияның дерегі бойынша тонаушылар жерлес болған. Олардың Алматыға Жамбыл облысынан көшіп келгені анықталды. Оңай жолмен келген қаржының жартысын ұрылар жаратып үлгерген. Полиция «бөтеннің мүлкін ұрлау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Банкті тонауға қауіпсіздік саласында жұмыс жасайтын біреудің қатысы барын полиция қарастырған. Қылмыскер
сол арқылы ішкі жұмыс тәртібін, бөлмелердің орналасуын, ақшаның қайда сақталатынын білген. Осы арқылы өз ойларын іске асырған.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ