Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай мен Жапония арасындағы 80 жылғы дау шешімін таппай келеді

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2014
  • 1497

Токио Қытайға ресми түрде қарсылық нотасын жолдады. Оған аспан асты елінің жапондық жүк таситын кемені тұтқындауы себеп. 226 тонналық кеме Чжэцзян провинциясында ұсталды. Және жақын арада ол аукционда сатылып кетуі мүмкін.

Ал Бейжің су көлігін қайтаруға асығар емес. Олар осыдан 80 жыл бұрын болған оқиғаны еске алып, өз әрекеттерін ақтауда. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары жапон компаниясы Қытайдың екі кемесін тұтқынға алған. Оларды қайтару әркекетінен түк шықпайды. Кейін жапон-қытай соғысы басталғанда, қытайлық кемелер аспан асты еліне қарсы қолданылады.

Бұл оқиғаны Қытай 2007 жылы еске алып, Шанхай соты сол екі кеме үшін Жапониядан 28 млн доллар өтемақы талап етеді. Жапония төлемнен бас тартқандықтан, аспан асты елінің билігі жапон кемесін босатудан біржола айнып қалды. Алайда сарапшылар бұл жағдайды сыныққа сылтау деп бағалайды. Қос көршінің бөлісе алмай отырғаны Оңтүстік Қытай теңізіндегі Сенкаку аралдары. Қытай мен Жапония бұл аралдарға жылдар бойы таласып келеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ