Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жемқорлықпен күрес тақырыбы талқыланды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2014
  • 1230

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында заң бұзушылықтар мен жемқорлық фактілер жыл санап, еселеп артып келеді. «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерін бұл жағдай аса алаңдатып отыр.

Айтуларынша, қоғамдық қабылдауға келіп түсетін шағымдардың басым көпшілігі баспана мен коммуналдық шарушылық саласына қатысты. Тек осы жылдың алғашқы тоқсанында 954 арыз түскен. Бірнеше қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал сыбайлас жемқорлық фактілері соңғы екі жылда 25-тен 61 қылмыстық іске дейін ұлғайған.

Омархан
Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

12 жылмен салыстырғанда, 13 жылғы мына сыбайластық, тіпті заң бұзушылықтан тысқары қылмыстық өзі өсіп отыр екі жарым есеге дейін. Кеңес арқылы тиісті органдарға осы мәселені жөндеп, күрделеніп отырған шаруаның алдын алатындай шараларды қарастыруды белгілеп отырмыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ