Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана - Балхаш АЭС құрылысы үшін ең қолайлы аймақ

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2014
  • 1489

Елімізде Атом электр станциясы 2025 жылы қолданысқа берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан мен МАГАТЭ өкілдері бас қосқан семинарда Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлімдеді.

Десе де, әлі күнге дейін Атом электр стансасын салатын орын нақты белгіленбеген. Бұған дейін құрылысқа қолайлы үш аймақ ретінде: Курчатов, Ақтау мен Балқаш қарастырылып келгені белгілі.

Айта кетейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында Үкіметке үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсаны ішінде атом электр стансасы орналасатын жерді анықтауды тапсырған. Ал, бүгін Атом электр стансасының құрылысынан бастап электр энергиясын өндіру процесіне дейін бақылайтын жаңа компания құрылатыны белгілі болды. Оның «Қазатомпром»-ға қатысы жоқ, «Самұрық-Қазынаға» қарайтын болады.

Мәжит
Шәріпов, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Атомдық энергия комитетінің төрағасы:

Біз бұл компания бір жылдың ішінде АЭС-ті орналастыратын алаңға қатысты техникалық-экономикалық зерттеу жүргізіп, тұжырымдама әзірлеп береді деп болжап отырмыз. Мұндай компанияны құрып, жұмысын жүргізуге шамамен 5-10 миллион доллар қажет.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ