Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменге қайтадан қыс келді

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2014
  • 1039

Шығысқа қайтадан қыс келді. Оңтүстікте ауа температурасы плюс 25 градусқа дейін көтерілсе, Шығыс Қазақстанда минус 5 градусқа дейін төмендеді. Биыл бұл өңірде табиғат тосын мінез танытып тұр.

Естеріңізде болса, Шығыс Қазақстанда қаңтар айының соңына дейін қар жаумай, қара жердің шаңы шығып жатқан болатын. Кешеуілдетіп жеткен қыс жайлы болды. Ал кешегі ауа райы халықты әбігерге салды. Бұрқасын дауыл тұрып, қар аралас боран ұшқындады. Көлік қозғалысы қиындады. Сондықтан, өңірдегі республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Секундына 25 метр жылдамдықпен үдей соққан қатты жел талай нысанның шатырын ұшырып кетті. Мысалы, Абай ауданында банк филиалының шатыры түгі қалмай қираған. Осыған ұқсас жағдай Катон-Қарағай, Аягөз аудандарында да орын алды.

Анар Байқадамова, «Қазгидромет» ШҚО филиалының жетекші инженер-синоптигі:

Облысымыз бойынша қарлы жауын, бұрқасын болды. Кей жерлерде -5, -8 градусқа дейін төмендеді. Алдағы күндері ауа райы +20 градусқа дейін жылынады.

Қанат ОРАЛБЕК