Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда бүгін қар жауды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2014
  • 1389

Алматыда да күн күрт суытты. Кеше кешке жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты.

Дәл қазір ауа температурасы 2 градус нөлден төмен. Сәуірдің соңы суытатыны жайында ауа райын болжаушы мамандар бұған дейін бірнеше рет хабарлаған.

Айта кетейік, кейінгі 10 жыл ішінде дәл осындай суық сәуір 2002, 2003 және 2009 жылдары болған. Бір тәуліктің ішінде жаз бен қысты көрген қала тұрғындары бүгін біраз абдырап қалғаны рас. Дегенмен, ауа райын болжаушылар ертең, яғни 24-ші сәуірден бастап күн қайта жылиды деген ақпарат таратты.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ