Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркия премьер-министрі алдағы мереке күндері Таксим алаңында жиналуға тыйым салды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2014
  • 1352

Түркияның үкімет басшысы Реджеп Тайип Эрдоған Таксим алаңында ереуіл өткізуге тиым салды.

Премьердің айтуынша, «осы жерде жиын өткізуге үгіттеген әрбір іс-әрекет тәртіпсіздікке дайынбыз» дегенді білдіреді. Эрдоған Таксимның орнына өзге орындарды таңдауды ұсынды. Алайда оппозиция өкілдері бұл тиымды елемейтін сыңай танытуда.

Еске салайық, өткен жылы мамырдағы Еңбекшілердің ынтымақтастық күні мерекесі ереуілмен басталған. Соңынан бұл жиын жаппай қақтығысқа ұласты. Тұрғындар Гези саябағындағы ағаштарды жойып, орнына ойын-сауық кешенін салуға қарсылық танытты. Ереуіл Түркияның көптеген аймақтарын шарпыды, бірнеше адам қаза тауып, жүздеген тұрғын жараланған. Билік ендігі жерде үкіметке қарсы қимылдардың орын алуынан қауіптенетін сыңайлы. Ал Таксим алаңы қарсылықтың символына айналғандай.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА