Русский Сайттың толық нұсқасы

Орталық Азияда арақ-шарапты ең көп ішетін - Қазақстан тұрғындары

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2014
  • 1359

Орталық Азияда арақ-шарапты ең көп ішетін - Қазақстан тұрғындары. Сорақы статистиканы Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жайып салды. Ведомство басшысы мұндай жағымсыз әдеттен арылудың бірқатар жолдарын ұсынды. Мәселен, алкогольдік өнімдердің бағасын біртіндеп көтеріп, сатылу мерзімін шектеу. Депутаттардың да бұл мәселеге орай айтары көп екені аңғарылды. Толығырақ Ләйлә Қазиақпарова тарқатады. 

Жиын "ә" дегенде қызу қарқынмен бастады. Оған себеп те бар. Тақырыптың өзі талап етеді. Қаржы министрі «Алкоголь өнімдерін өндіру» туралы заң жобасын таныстыру барысында мәселені барынша бадырайтып ашық айтты. Әрбір қазақстандық жылына 11 литр арақ тұтынады екен. "Жаға ұстатар" жаңалықты жеткізген министр өзін бұл санатқа жатқызбайды.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі:

Жоқ мен тек қана жақсы мерекелерде, үлкен қонақтарда болмаса, жоқ, әрине, ондайды ішуге мүмкіншілік жоқ қой.

Министр Сұлтанов талай шаңырақты шайқалтып, қасіретке соқтыратын кеселмен күресу жолдарын ұсынды. "Бұдан былай ішімдіктерді кешкі 9-дан келесі күні түскі сағат 12-ге дейін сатуға тыйым салайық. Бағасын көтерейік. Жанармай құю стансаларында сатылымын шектейік. Талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік жауапкершілікті күшейтейік", - дейді. Бұған келгенде депутаттардың пікірі қақ жарылды.

Тұрсынбек Өмірзақов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Почему бы нам не производить свою брендовую водку?

Алдан Смайыл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Біз ұлтқа керексіз дүниені қаузай бермей, өзімізге қажетті заңды қабылдайық та?! Болмаса Парламенттің депутаттары, біз, заң жобасын өзіміз жазайық.

Рауан Шаекин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Уже США на следующий год хотят порошками алкоголь продавать. А мы все за бутылки тут с отколытыми горлышками боремся.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясы жетекшісі:

Ресейде осындай тыйымдардан кейін бір тойға жиналғандар амалын қарастырып, ішімдікті қолдан жасап, уланған. 10-12 адам қайтыс болып жатыр. Ауыл аймақтарда да осындай жағдай болмайды емес. Тәуекелді түсінуіміз керек.

Жобаны талқылауға қызу кірісіп кеткен депутаттарды тыныштандыру да оңайға түспеді.

Сондай-ақ, арақ-шарапты мектептер мен спорт кешендерінен 100 метр қашықтықта сату жөніндегі шектеу жойылсын деген ұсыныс айтылды. Бұған шүйліккендер аз болмады.

Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Осыдан 4-5 жыл бұрын Парламентке алып келіп, осы мәселені ұсынған уақытта да, барынша дәлелдеп, сол кезде қарсылық танытқан адамдарға, жоқ, бұл бізге қажет дүние, осыны істейтін болсақ бәрі керемет болады деген, көп уақыт өтпей, осыны тағы да қарастырып отырмыз.

Азамат Әбділдаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Мына ауылдарды көрсеңіздер, мына ауылдың орталығында почта тұрады, оның жанында мектеп тұрады, оның жанында контор тұрады, соның жанында магазин тұрады. Сол арасы 100 метрден аспайды.

Айта кетейік, министр бұдан былай арақ-шарап жарнамаланбайтын болсын деп ұсынды. "Мейлі, құрамында алкоголь болмасын, бірақ көзден таса болғаны жөн", - дейді.

Ардақ Теңгебаев, ҚР Қаржы вице-министрі:

Пивоны, арақ па жарнама жасауға болмайды.

Жарнама демекші, ақтөбелік "Әлия гүлі" ансамблінің арақ сыртындағы жарнамаға қатысты сотқа жеткен ісі елді дүрліктірген еді. «Қара жорға» биінің бірнеше қимылын көрсетіп, көпке жеткізбек болған қыздар сайтан судың сыртында масайрап тұрғандай әсер ақлдырған. Артынша олар зауыттың үстінен сотқа шағымданып жеңіп шықты.

Ал бүгінгі заң жобасын депутаттар әлі жетілдіретін тұстары көп десе де, бірінші оқылымда бірауыздан мақұлдады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА