Русский Сайттың толық нұсқасы

Бостондағы жарылысқа қатысы бар деп айыпталған студенттерге қатысты жаңа деректер белгілі болды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2014
  • 1009

Бостондағы жарылысқа қатысы бар деп айыпталған қазақстандық екі студент Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжияқовтың ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Қорғаушылар сот процесін АҚШ-тың өзге штатына ауыстыруды қалап отыр. Мұндай өтініш Бостонның федералды сотына жолданды.

Адвокаттардың айтуынша, сот отырысы белгіленген Массачусетс штатындағы ақпарат құралдары Қадырбаев пен Тәжияқовты үнемі Джохар Царнаевпен байланыстырып отырған. Ал Царнаев терактіні жасады деп айыпталғаны белгілі. Сол себепті алқа билері қос қазақстандыққа оң қабақ танытпауы ықтимал.

Тергеу нәтижесі көрсеткендей, Қадырбаев пен Тәжияқов Джохар Царнаевқа тиесілі пиротехника мен ноутбук салынған дорбаның көзін жойған. "Олар мұны Царнаевтың суретін жаңалықтардан көрген соң жасаған болуы мүмкін", - деген болжам бар. Егер қазақстандық студенттердің кінәсі дәлелденсе, олар 25 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы ықтимал. Сот процесі 30 маусымда басталады. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА