Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда 47 әкім өңірді дамыту жұмыстары бойынша сабақ алды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2014
  • 1992

Ауыл әкімдері өңірді дамыту жұмыстары бойынша сабақ алды. Ақтауда екі күнге созылған семинар барысында 47 әкім инфрақұрылымды дамытудың, әлеуметтік-экономикалық проблемалар кезінде халықпен жұмыс істеудің қыр-сырын үйренді. Ауыл аймақты басқарып отырған азаматтардың күні кеше құтқарушы, тәртіп сақшысы, мұғалім немесе агроном болғандықтарын ескерсек, бұл шара үлкен маңызға ие. 

Маңғыстау ауылын басқаратын Сәбит Сейдалиев әкім болмай тұрғанда ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінде қызмет еткен. Кейін өзін жаңа қырынан байқап көрді. Әкімідіктің тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімінде еңбек етті, ауыл әкімінің орынбасары болды. Енді ауылын сауатты басқару үшін партаға қайта отырып, білім алуда.

Сәбит Сейдалиев, Маңғыстау ауылының әкімі:

Менің алғашқы мамандығым - химик-технолог. Екінші мамандығым - заңгер. Есенов атында Ақтаулық университеттің түлегімін. Қазір әкімдікте қызмет етіп жатырмын.

Жол төсеудің қыр-сыры, көше жарығы, балабақша мен аурухана құрылысы, бюджетті сауатты жоспарлау, халықтың мұң-мұқтажын тыңдай білу. Бұның барлығын 47 әкім 2 күндік семинар барысында меңгеруі тиіс.

Аманғали Нұрдәулетов, Форт-Шевченко қаласының әкімі:

Жүз рет естігенше, бір рет көзбен көрген артық қой. Әріптестермен білгенімізді бөлісеміз, фото-бейне материалдарымыз бар. Бірақ семинардың да пайдасы көп. Мен өз ұсыныстарымды білдірдім.

Семинар жұмысы аяқталды. Енді оқыған-тоқығанды іске асыру керек. Сәбит Сейдалиев әріптестерімен ауыл инфрақұрылымын жақсарту жолдарын пысықтап жатыр.

Сәбит Сейдалиев, Маңғыстау ауылының әкімі:

Мен кем дегенде 6 жиналыс пен кездесу өткізуді жоспарлап отырмын. Енді халық өз араларынан Одақ мүшелерін таңдайтын болады.

Алда қыруар шаруа бар. Ауыл әкімдері Еуропа елдерінің үлгісін санасына қаншалықты сіңірді? Мұның жауабы жақын арада белгілі болады. Көпшілік тұрғындар енді атқамінерлер алған білімнің жемісін тағатсыздана күтетіні сөзсіз.

Светлана СУЛТАНГЕРЕЕВА, Азамат АЛДОҢҒАРОВ