Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы НАТО күштерімен қарым-қатынас орнату әрекеттерін үзеді

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2014
  • 1135

Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы тәжік-ауған шекарасын нығайту мақсатында Тәжікстанға көмегін күшейте түседі. Бұл туралы Астана-Мәскеу-Кишинев арасында өткен телекөпір барысында ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді.

Бүгінде тәжіктерге жеткізілетін қару-жарақ түрлері мен көлемі анықталып жатқан көрінеді. Сонымен қатар Николай Бордюжа Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы НАТО күштерімен қарым-қатынас орнату әрекеттерін үзетінін мәлімдеді. 

Николай Бордюжа, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы:

Біз НАТО-мен ынтымақтастық орнату масқатында қолға алған шараларымызды тоқтатамыз. Ауғанстан мәселері бойынша да. Бірақ бұл ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше барлық елдер НАТО-мен қарым-қатынасын үзуі керек деген сөз емес. Ол әр елдің өз құқы. Алайда біздің нақты қауіпті жағдайларға байланысты күшімізді біріктірейік деген ұысынысымызға НАТО үнемі құлақ аспай келді.

"НАТО-мен байланыс орнатпаса да, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Шанхай ынтымақтастығы ұйымымен және Азиядағы өзге де қауіпсіздікті сақтау бағытында жұмыс істейтін бірлестіктермен қарым-қатынаста болады", - деп атап өтті Бордюжа.

Айгүл ӘДЕПБАЙ