Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда браконьерлерге қамқоршылық көрсетіп ұсталған шенеунік ауруханадан қашып кетті

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2014
  • 1159

Атырауда браконьерлерге қамқоршылық көрсетіп, ол қызметі үшін қара уылдырықты алу кезінде ұсталған шенеунік ауруханадан қашып кетті. Бұл ақпаратты облыстық қаржы полициясы растады. "Дегенмен күдіктіге қатысты мәжбүрлеп ұстау түріндегі және тұтқынға алу шарасы қолданылған жоқ",- дейді.

Айта кетейік, Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Асылбек Құбайдуллинге қызметтік лауазымын пайдаланып, бекіре тұқымдас балықтарды емін-еркін аулауға көз жұма қарады деген айып тағылды. Ол 21 сәуірде жедел іздестіру шарасы барысында бір азаматтан 3 келі бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы мен 250 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталып, қылмыстық іс қозғалған еді. Жауап алу барысында денсаулығына шағымданған күдікті қан қысымының жоғарылауына байланысты Атырау облыстық кардиологиялық орталыққа жеткізілген. Бірақ таңға жуық терезе арқылы ізін жасарыпты.

Сандуғаш Жұмағалиева, Атырау облыстық кардиология орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

Ол бізге қабылдау бөліміне келіп түсті. Сосын біз оған система қойдық. Таңғы сағат 5-ке дейін оған көктамырдан дәрі құйылды. Таңғы 5-те система аяқтылып, инесі алынған соң, ол дәретханаға сұранды. Дәретхана дәл сол бөлмеде орналасқан болатын. Ол жерде қасымда мейірбике де болды. Кіріп кетті де, дәретхана терезесі арқылы қашып кетті.

Базаргүл ІЗІМОВА