Русский Сайттың толық нұсқасы

Светлана Жалмағамбетова: Көпбалалы отбасыларға көрсетіп жатқан жәрдем жеткіліксіз

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2014
  • 926

"Үкіметтің көпбалалы отбасыларға көрсетіп жатқан жәрдемі жеткіліксіз",- дейді сенатор Светлана Жалмағамбетова. Бүгін депутат Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысы атына сауал жолдады. Ол «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері баспанамен қамтамасыз етіліп, отағасына жұмыс жайын қарастыру керек дейді. Сондай-ақ балаға бөлінетін жәрдемақы 1 жасқа дейін ғана емес, 18 жасқа дейін төленгенін дұрыс санайдыі.

Депутаттың ойынша, көпбалалы отбасыларға арналған заңда қайшылықтар шаш етектен. Мәселен, осындай әулеттерге баспана шығыны үшін жәрдемақы бөлінеді. Алайда үйлері жоқтар бұл кішігірім көмектен де қағылады. Сондай-ақ көпбалалы отбасыға үкіметтен небары төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы бөлінеді. "Бірақ баланың біреуі 18 жасқа толса, онда барлық балалар осы көмекке де зәру болады", - деп қынжылды депутат.

Светлана Жалмағамбетова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Осы жәрдемақы әр балаға шаққан жәрдемақы болуы керек. Бас басына беру керек. Ал енді осылай істей алмасақ, ең болмаса 7400-ді екі есе көбейту керек.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА