Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО-да жүк пойызын тексеру кезінде жеті қапшық тасбақа табылды

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2014
  • 1081

Оңтүстік Қазақстан облысынан Ресейге заңсыз өтпек болған тасбақалардың жолы кесілді. Контрабандалық тауардың шекара асуына шекарашылар бөгет болған.

Қарау барысында тасбақа балапандары тірі. 

«Келес-Сарыағаш» бағытындағы жүк пойызын тексеру кезінде жеті қапшық тасбақа табылды. Бұл елімізге Өзбекстан аумағынан бет алған пойыздан анықталып отырған заңсыз тірі тауар. Қызыл кітапқа енген кішкентай тасбақалардың жалпы салмағы 280 келі. Жәндіктердің ұзын саны 1 330. Қапшықтар скотчпен маталған. Тексеру кезінде тауардың құжаты да, қожайыны да болмай шықты. Соған қарағанда бұларды ел аумағында әлдекімдер күтіп алуы тиіс деп топшылайды шекарашылар. "Тасбақалар жуық арада табиғатқа жіберіледі немесе зообақтарға таратылуы да мүмкін", - дейді шекара қызметінің басшылары.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ