Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдың Монғол автономиясындағы халықты сумен толық қамтамасыз ету мүмкін болмай тұр

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2014
  • 1894

Қытай судан тарығып жатыр. Елдегі Ішкі Моңғолия автономды ауданында су ресурстары 18 миллион адамға ғана жетерлік. Ал тұрғындар саны 23 миллионнан асады. Бұл Ішкі Монғолияның «демографиялық даму стратегиясы» эксперттік комиссияның таратқан ақпараты.

5 миллиондық айырмашылық ауданның дамуын тежеп жатыр. Су қорының 90% облыстың шығыс аймақтарында жатыр. Тіршілік нәрінің жоқтығынан орталық және батыс аудандар зардап шегуде.

Айта өтейік, Ішкі Моңғолияның жалпы территориалдық аумағы 1,18 миллион шаршы метрды құрайды. Жыл сайын мұнда шөлді аймақтар ұлғайып барады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА