Алматыда көші-қон үдерістерін
мемлекеттік жетілдіруге қатысты өзгерістер мен толықтырулар туралы заңға сәйкес,
еңбек мигранттарының бірінші легіне құжаттар тапсырылды.
Аталмыш құжатқа сәйкес, енді шет елден
келген жұмысшылар тек жеке тұлғаларға жалданып жұмыс істей алады. Ал жұмыс
берушіге қол астына бестен артық жұмысшы жалдауға рұқсат жоқ.
Сондай-ақ, еңбек мигранттарының жалпы
келу мерзімі бір жылдан аспауы керек. Рұқсат 3
айға дейінгі мерзімге беріледі. Әрі 3 мың 704 теңге көлемінде тиісті төлем
жасалуы тиіс.
Айдын Белгібаев, Алматы қаласы Көші-қон полициясы бастығының орынбасары:
Осы аталған заңға сәйкес, ҚР азаматтары өзінің үй шаруашылығына шет елден келген 5 азаматқа дейін жұмыс жасатуға мүмкіндік туып отыр. Құжаттар жиналғаннан кейін осы азаматтарды суретке
түсіреміз, есеп базасына тіркейміз.