Астанада «Жоспарлау және талдау» бағдарламасын орындау
шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі мен НАТО өкілдерінің кездесуі өтті. Жиында
Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін оқу-жаттығуларға,
сондай-ақ көпұлтты контингент құрамында бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ операцияларына
қатысуға дайындау мәселелері талқыланды.
"НАТО-ның 2014-2015 жылдарға арналған
бағдарламасының жаңа циклына бітімгершілік контингентті БҰҰ мен НАТО
стандарттары бойынша дайындау және жарақтандыру, қорғаныстық жоспарлауды
зерделеу, штаб офицерлерін оқыту және киберқауіпсіздік мәселелері кіреді", - деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.