Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкпектідегі жаңа үйлердің құрылысы мамырда басталады

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2014
  • 1066

Көкпектідегі жаңа үйлердің құрылысы мамырда басталады. Қарағанды облысы әкімі Бауыржан Әбдішевтың айтуынша, суға кеткен ауылда 51 жаңа баспана бой көтеріп, күзге дейін пайдалануға беріледі. Құрылыстың жалпы құны 308 млн теңге.

"Қаражат облыс әкімдігінің резервінен бөлінеді. Алайда кейін бұл шығындар төтенше жағдайға кінәлілерден өндірілуі тиіс", - деп ескертті әкім Көкпекті тұрғындарымен кездесу барысында. Жиында қалауына қарай ақшалай өтем немесе заттай өтеу жөнінде уағдаластық жасалды.

Бірақ облыс әкімі жеңіл автомобильдер және басқа да көліктер бойынша ешқандай өтем жасалмайды деді. "Ал зардап шеккен шағын кәсіпкерлерге көмек көрсету жөнінде барлық мәселелер толық шешілді",- деді Бауыржан Әбдішев. Бүгінгінгі таңда Көкпекті тұрғындарына көмекке 245 млн теңгеден астам қаржы келіп түскен.

Еске салсақ, 31 наурызда түнде Көкпекті ауылындағы бөгеттің бұзылуынан 300-ден астам үй суға кетті, 5 адам қаза болды, зардап шеккен 12 адам ауруханаға жеткізілді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА