Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент ЕЭК алқасының төрағасы Виктор Христенконы қабылдады

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2014
  • 991

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенконы қабылдады. Кездесу барысында Минскіде өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының өзекті мәселелері сөз болды. Елбасы интеграция сұрақтарына арналған мемлекет басшылары кездесуінің маңыздылығын атап өтті.

Ал Виктор Христенко Еуразиялық экономикалық одақ келісімшартының дайындық барысын баяндады. Маңызды құжатты комиссия мүшелері мен Қазақстан, Ресей және Беларусьтің бір топ сарапшылары әзірлеп жатқаны белгілі. Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің қатысуымен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы Беларусь астанасында 29 сәуірде өтеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ